АҚТӨБЕ 15 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ АСЫЛЫП ҚАЛДЫ

by Журналист
0 views

Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданы Кеңқияқ ауылында 15 жастағы оқушы асылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Темір ауданындағы Кеңқия ауылының тұрғыны өз үйінің ауласында 2005 жылы туған ұлының асылып тұрғанын көрген. Оқиға 15 ақпан күні орын алды. 

“Оқиға орнына барған Кеңқияқ ПБ жедел-тергеу тобы тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр”, – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полиция ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты құпия сақтап қалды. Айта кетейік, көз жұмған бала Кеңқияқ орта мектебінде оқыған.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com