Қазақстанда

ОНЛАЙН САБАҚ КЕЗІНДЕ ТАҒЫ ДА ПОРНО КӨРСЕТІЛГЕН

Алматыда онлайн-математика сабағы кезінде оқушыларға порно көрсетілген, – деп хабарлайды tengrinews.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, математика пәнінің мұғалімі онлайн сабақ кезінде белгісіз біреулердің ZOOM интернет-платформасына кіріп, онда бейәдеп сөздер айтып, порновидео мен суреттер қосқанын айтқан. Алайда кейін ол мұғалімнің атына арыз түскен.

«Мектеп директоры Алмалы аудандық полиция басқармасына арыз түсірді, бұл жағдай сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі білім беру платформасын бөгде адамдардың кіруін шектейтін неғұрлым қауіпсіз платформаға ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр«, – деді білім басқармасындағылар.

Айта кетейік, мұның алдында Нұр-Сұлтан қаласында онлайн сабақта оқушыларға порно көрсетілгені хабарланған еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button