АТЫРАУДА

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ 425 000 ТЕҢГЕНІ ҚОЛДЫ ҚЫЛҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ ҰСТАЛДЫ

21 маусым күні Атырау облысы Исатай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оны инстаграм желісіндегі “АЙБЕК КӨМЕК” парақшасы арқылы «КИВИ»​ әмиянына 40.000 теңге аудартып алған, – depti Атырау облысының Полиция департаменті.

Онымен қоймай, жәбірленушінің «Халық БАНК»​ картасы мен сәйкестендipу нөмірін фотомен алдыртып есепшотынан 385 000 теңге ақшасын иемденіп алған.

Полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа күдіктіні анықтады. Жақында Атырау полицейлері Түркістан облысының 2003 жылы туған тұрғынын ұстады.

Кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде. Тергеп—тексеру Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button