ПАРЛАМЕНТ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ СЫЙЛЫҚ АЛУҒА ТЫЙЫМ САЛАТЫН ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

by Depti
0 views

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға сенат енгізген түзетулермен келіскені мәжілістің жалпы отырысында хабарланды.

“Бас комитеттің отырысында түскен өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған байланысты мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады”, – depti депутат Жанат Жарасов.

Заң жобасының негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізу болып табылады, атап айтқанда:

  • мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады;
  • сыбайлас жемқорлық субъектілеріне дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын тұлғаларды жатқызу ұсынылады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе қызметтерді қабылдауына тыйым салу енгізіледі.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com