АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 1 ТОННА БЕКІРЕ МЕН ҚАРА УЫЛДЫРЫҚ ТИЕГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ (ВИДЕО)

Полиция департаменті қызметкерлері «Бекіре» жедел-профилактикалық алдын-алу шарасы кезінде Атырау-Орал тас жолы бойында балық тиеген Toyota Land Cruiser көлігін ұстады, – деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

345 дана бекіре балықтары мен салмағы 200 грамм қара уылдырық тасыған Батыс Қазақстан облысының 28 және 29 жастағы екі тұрғыны осыншама балықты заңсыз жолмен Атыраудан Орал қаласына жеткізбекші болған.

Тәркіленген бекіре балықтарының жалпы салмағы 1 тоннадан асады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 339 бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша жүргізілуде. Ұсталғандар қамауға алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button