Қазақстанда

Қазақстанда қандай қоғамдық орындар қайта ашылатыны белгілі болды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов Ashyq жобасы туралы жаңа қаулы шығарды. Оған үш кезең ішінде кинотеатрлар, театрлар, караоке, концерт залдары және басқа да бірқатар мекеме кіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыда бірінші кезеңде 14 сәуірден бастап жобаға мына мекемелер қатыса алатыны айтылған:

1)  кинотеатрлар;

2)  театрлар және филармониялар;

3)  банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;

4)  ерікті қатысушылар;

Екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:

1) облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;

2) бильярд клубтары;

3) концерт залдары;

Үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:

1) караоке;

2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button