Қазақстанда

СҰМДЫҚ-АЙ!.. Әйелін атып, немересін жаралады

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауылының тұрғыны әйелін атып, 14 жасар немересін жаралады. Қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр, ол жасанды тыныс алдыу аппаратына қосылған.

Көршілері бұрын-соңды ер адамның ерсі әрекетін байқамаған. Оны ешкіммен жанжалдаспай жүретін кісі ретінде сипаттап отыр. Ол фотограф болып жұмыс істеген, деп хабарлады Astana телеарнасы. Ал қолына қару алып, туыстарына оқ атқан күні мас болған.

«Фотограф болып жұмыс істейтін, көпшіл кісі болатын. Осыдан төрт жыл бұрын барып фотоға түскенмін. Мұндайға барады деп мүлде ойламаппын. Есеңгіреп қалдық», – дейді ауыл тұрғыны Елена Хомякова.

Көршілердің сөзінше, әйел сол қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын күйеуімен жанжалдасып, қызының үйінде қонған. Ер адам келіншегін үйге алып кеткісі келгенде екеуінің арасында тағы да жанжал шығып, ол әйелін атып тастаған. Қызы үйінен қашып шығып, көмек сұрауға кеткен. Ал немересі жарақат алды.

Ауылдастары ерлі-зайыпты туралы жақсы пікірде. Әйел қызымен бірге жергілікті дәмханада аспаз болып жұмыс істеген.

Оқ атқан ер адам аңшы болған, соған байланысты үйінде мылтық сақтаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ер адам жанжалқой болмаған, есепте тұрмаған және заңды бұзу деректері тіркелмеген.

Тимирязев ауданы полиция бөлімінің бастығы Талғат Кенжетаев отбасыдағы қайғылы оқиға кезінде 58 жастағы ер адамның мас болғанын растады.

Дәрігерлер қазір қыздың өмірін құтқарып қалу үшін күш салып жатыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, жасанды тыныс алдыру аппартына қосылған.

Ер адамға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: «адам өлтіру» және «адам өлтіруге ұмтылу». Әрқайсысы үшін 16 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Спутник Қазақстан»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button