АТЫРАУДА

Атырауда тағы 5 тонна балық қырылып қалды

Атырауда 5 тоннадан астам балық қырылды. Бұл жолы балық өлексесі Махамбет ауданындагы Бақсай су айдыны мен  Құрманғазы ауданындагы Шарон өзенінен табылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбаларға қарасақ,  су бетіне шығып қалған балықтардың басым бөлігі — қаракөз. Қазір мамандар өлген балықтарды көміп, тірі қалғандарын құтқарып жатыр.

«Махамбет ауданы Ақтоғай ауылы Бақсай су айдыны бойынша бүгінде Махамбет Балық инспекция бөлімі және Ақтоғай ауылдық әкімшілігі қызметкерлерімен 8,100  тонна балық құтқарылып, 4 тонна 692 кг балық санитарлық талаптарға сай жерге көмілді. 10 мамыр күні Құрманғазы балық инспекциясы бөлімі Павлодар өзен порты және Каспий таңы өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен 700 кг балықты санитарлық нормаларды сақтай отырып жерге көмді» дейді Жайық -Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкері ӘселИщанова.

Мамандар су айдындарындағы балықтың жаппай қырылуына  оттегінің жетіспеуі себеп болды деп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button