Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова елорда күнін мерекелеу уақытын қайта қарау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Қандай жағдайда да астана күні тойлануы керек. Менің ойымша, осы күн белгіленген уақытты неге қайта қарамасқа?! Мүмкін болашақтың елорда күнін қандай да бір тарихи оқиғалар уақытымен тікелей байланыстырып қоярмыз” depti Ақмарал Әлназаров.
Осы орайда журналистер қойған 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне қатысты да сұраққа жауап берілді.
“Біз еліміздің демократиялық даму жолын таңдадық. Сондықтан оны ұстануымыз керек. 1 желтоқсан күніне байланысты бұл мереке қайта форматталуы мүмкін” деді сенатор.