АТЫРАУДА СOVID-19 ІНДЕТІНЕН 81 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ КӨЗ ЖҰМДЫ

by Depti
0 views

Атырауда коронавирустан тоғызыншы адам өлімі тіркелді, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

1939 жылғы науқас жедел-жәрдеммен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің провизорлық стационарына жеткізілген. Қабылдау кезінде қарт кісі температураның 39 ° C-қа дейін көтерілуіне, әлсіздік пен тершеңдікке, құрғақ жөтелге және тәбеттің төмендеуіне шағымданған.

  • Қария бұл белгілердің барлығы өзін маусым айының басынан бастап мазалап жүргенін айтты. Ол медициналық көмекке жүгінбей емдік шараларды үйінде жүргізген. Алайда, өз бетімен жасалған емнен денсаулығы жақсара қоймады. Зейнеткер 11 маусымда “Медикер” орталығында текмерістен өтіп, сол жерден облыстық туберкулезге қарсы диспансердің провизорлық стауионарына жіберілген, – дейді денсаулық сақтау басқармасынан.

Провизорлық стационарға жеткізілген сәтте зейнеткердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Қарт кісіден коронавирусқа тест алынып, нәтижесінде COVID-19 анықталды.

  • 20 маусым күні оның жағдайы нашарлап, жүрек соғысы мен тыныс алу қызметі тоқтады. Көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан, науқаста клиникалық өлім болды. Өлімнің себебі – жедел тыныс пен жүректің жеткіліксіздігі және КВИ, – деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com