АТЫРАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 257 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

by Depti
0 views

Конституция күні қарсаңында атыраулық 33 отбасыға пәтер кілті табысталды – деп, хабарлайды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.

Жаңа пәтерлер «Нұрсая» ықшам ауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінен берілді. Баспаналы болғандардың дені, 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар.

  • Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Бастысы, тұрғындар үшін қолайлы. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері, яғни 8 ай ішінде баспаналы болғандардың саны 257-ге жетті –деді тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев.

Еске сала кетейік, өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы 257 отбасы баспаналы болған еді. Биыл, бұл көрсеткіш арта түспек. Себебі, 8 ай ішінде 250-ден астам отбасы пәтер кілтін алып үлгерді. Жыл аяғына дейін, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан бөлек, апатты жағдайдағы жатаханаларды да көшіру көзделіп отыр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com