САРАПТАМА

ОҢ ӨЗГЕРІС: АТЫРАУДА КАРАНТИНДІК НЫСАНДАР ЖАБЫЛАДЫ

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВҚА сілтеме жасап хабарлап отыр.

«Ендігі кезекте карантиндік нысандар жабылады. Нақтыласақ, Береке ықшамауданындағы карантиндік стационар жабылады. Провизорлық, инфекциялық станционарлар қалады. Эпидемиологиялық ахуалдағы оң өзгеріске байланысты, негізгі күш емханалардағы мобильді топқа түседі.

Бастапқыда құрылған 61 мобильдік бригада саны қазіргі уақытта ​ 77-ге дейін өсті. Мобильді топтың саны алдағы уақытта толыға түседі» деп атап​ өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, Атырауда пандемиямен күреске 2000-нан астам медициналық қызметкер жұмылдырылды. Сонымен бірге, жақында ғана Атыраудың медицина саласы 55 жас маманмен толықты. Бұған дейін 120 жас маманның жергілікті денсаулық сақтау саласына тартылатынын хабарлаған едік.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button