Түркістан облысында жас қыз ауылдасының атынан кредит алған, деп хабарлады Polisia.kz.
Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, ауылдас танысы телефонын пайдаланып, банк қосымшасы арқылы 560 мың теңге, шағын кредит беру ұйымынан 79 мың теңге несие рәсімдеген. Жәбірленуші мұны “қарызыңыз көбейіп кетті” деп банк қызметкері хабарласқанда ғана білген.
Шығын көлемі – 639 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екенін анықтады. Күдікті мұндай қадамға “тұрмыстық қажеттілік үшін бардым” depti. Ол рәсімдеген кредитті өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.