Жаңалықтар

Павлодардағы әйелдер дауы: бірі екіншісіне пышақ салды

Өткен сенбіде Павлодарда Усолка жағалауында демалып жатқан әйелдердің арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан. Жәбірленушіге медициналық көмек қажет болды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пышақ ала жүгірген әйел екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«25 маусымда Усолка шағын ауданындағы Усолка өзенінің жағалауында демалып жатқандар арасында жанжал шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде анықтағандай, жағалауда балаларымен демалып жатқан Павлодар тұрғыны жанында балағат сөз айтып, сыра ішкендерге ескерту жасаған. Олар да балалармен болған» depti хабарламада. Арада дау туындап, біреуі екіншісіне пышақ ала жүгірген.

«Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша кінәлі адамға 2000 АЕК (6 126 000 теңге немесе 13 134 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Екі жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылады» деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, демалып отырған топтың басқа мүшелері Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 440-бабы («Қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйде келу») және 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл баптар бойынша жаза ретінде 5 АЕК (15 315 теңге немесе 32 АҚШ доллары) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Полицейлердің хабарлауынша, бастапқыда олар әкімшілік жазамен шектелмек болған. 26 жастағы қала тұрғынына қатысты 73-1-баптың 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәлі адам 15 АЕК (45 945 теңге немесе 98 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен әйел «сол жақтағы бұғана үсті аймағының терең емес кесілген жарақаты» диагнозымен Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Хирург тексергеннен кейін жәбірленушіні амбулаторлық емдеуге жіберді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button