САРАПТАМА

Қазақстан бюджетіне аударылатын қаражат көлемі өсті

Қазақстанның республикалық бюджеттінің таза табысы 6 трлн 219 млрд теңгені құрады, деп хабарлады қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке 8 трлн 514 млрд теңге кіріс жиналды.

«Республикалық бюджеттің таза табысы 6 трлн 219 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2019 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджет кірісі 115%-ға немесе 1 трлн 129 млрд теңгеге, республикалық бюджет – 118%-ға немесе 965 млрд теңгеге, жергілікті бюджет — 107,7%-ға немесе 165 млрд теңгеге өсті», — деді министр Үкімет отырысында.

Смайылов кірістердің өсу қарқыны негізінен ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС, корпоративтік табыс салығы мен халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салық есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, салық түсімдеріне 2019 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экономиканың келесі секторларында тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсуі әсер етті: құрылыс, сауда, көлік және байланыс, сондай-ақ өнеркәсіп.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button