САРАПТАМА

Елімізде аяқ киім қымбаттайды

Сараптамалық ұйымның мәліметінше, елімізде аяқ киім өндірісі жылына 9 пайызға өскен, бірақ тұтынудан бұл көрсеткіш 3 пайызға аз болып отыр екен. 2019 жылдың қарашасында тұтынушылық сегменттер бойынша: ерлер аяқ киімі 8,8 пайызға, әйелдер-7 пайыз – ға, балалар аяқ киімі – 9,4 пайызға өсті. ҚР өңірлері арасында ерлердің аяқ киіміне бағаның ең едәуір өсуі Жамбыл облысында (+18,9 пайыз) және Нұр-сұлтан (+14,3 пайыз) және Шымкент (+11,7 пайыз) қалаларында; әйелдер аяқ киіміне – Жамбыл облысында (+13,3 пайыз), Шымкент қаласында (+13,1 пайыз) және Қызылорда облысында (+12,6 пайыз) белгіленді. Балалар аяқ киімі Алматы (+14,1 пайыз), СҚО (+12,9 пайыз) және Қызылорда облысында (+12,6 пайыз) едәуір қымбаттады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button