Жол апатынан бес адам қаза болды

by Depti
1 views

Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған, depti ATPress.kz.

“Республикалық маңызы бар Доссор–Құлсары–Бейнеу тасжолының 31-шақырымында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson​ көлігін​ің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді” деп хабарлады департамент.

Көлік апатына жол ережесін сақтамау себеп болған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com