Әлемде

Коби Брайанттың соңғы самғауы

 26 қаңтар күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 10 шамасында, Калифорния (АҚШ) штаты Калабас қаласы маңында 41 жасар танымал баскетболшы Коби Брайант отырған тікұшақ апатқа ұшырады. Әуе апаты салдарынан спортшы және оның 13 жасар қызы мен қоса барлығы 9 адам қаза тапқан. Ақпарат агенттіктерінің мәліметі бойынша Коби Брайанттың жеке тікұшағы жанып бара жатырғанда өртеніп жерге құлаған.

Спортшының артында жары және 3 қызы қалған.

 «Тікұшақтың құлау себептері анықталуда»,- депті жергілікті полиция өкілдері. Ғаламтор желісінде оқиға болған жерден түсірілген суреттер пайда болды.

Ол 1996-2016 жылдары “Лос-Анджелес Лейкерс” баскетбол командасының қорғаушысы болған. 1996 жылы “Лос-Анджелес Лейкерс” клубына қабылданып, 20 маусым бойы осы команданың сапында NBA ойындарында өнер көрсеткен. 5 дүркін NBA турнирінің, 2 дүркін Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

gettyimages 104445268

Баскетбол тарихындағы көптеген рекордтарды жаңартып, 18 мәрте «Жұлдыздар матчына» қатысқан. Аңызға айналған спортшы сонымен қатар, “Қымбатты баскетбол” мультфильмі үшін “Оскар” сыйлығына ие болған.

maxresdefault

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button