АТЫРАУДА

Атырау – адалдық алаңы

Индер ауданындағы мүгедектің мұңы⠀ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 1 топтағы мүгедек 1957 жылы туылған Қапаров Қабестен түскен арыз бойынша жобалық кеңсе мамандары Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Саламатұлымен Индер ауданына іссапармен барып келді.⠀

Арыз иесінің айтуынша 1958 жылы туылған қарындасы Капарова Қарлығаш (2001 жылдан бастап 2 топтағы мүгедек) және ағасы Капаров Қабыл (бала кезінен 2 топтағы мүгедек) аудан орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан, 10 шақты тұрғыны бар қыстақ Кетебай фермасында тұрады екен. Қазіргі таңда ол жерде су, отын, фельдшерлік қызмет болмағандықтан ағасын өзінің аудан орталығындағы 2 бөлмелі пәтеріне әкелгенін де тілге тиек етті.⠀Қапаров Қабестің бірінші сұрағы тұрғын үй мәселесі болды. Өйткені қыстақтағы ата-анасының үйі қалай ағасының атына жазылып кеткеніне аң-таң. Ағасы әріп танымайтынын, тіпті сөйлей алмайтынын айтып шырылдағанымен, аудан әкімінің орынбасары Сүйеуова Гүлнұр бұл жайтта заңнама шеңберінде қарастырылғанын айтады.

– «Қабыл ағаның атында үй бар, сондықтан Заң аясында қаралып, ол азаматқа үй қаралу мүмкіндігі болмай отыр, ал Қарлығаш апай 109 болып тіркеуде тұр, бұл мәселе шешімін табады» – деді әкім орынбасары.⠀Екінші мәселесі ол өзінің жүріп тұруға берілген арбасы өте ыңғайсыз екенін, дөңгелектері нашарлап, итеріп келе жатқан адамға да қиындық тудыратынын және электронды арбаға қол жеткізгісі келетінін айтты. «Қапаров Қабес ағаға дәрігерлік сараптама комиссиясының шешімімен осындай арба ұсынылған айтты. Бұл жерде ешқандай Заңға қайшылық жоқ» – дейді емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Күлаш Құдайбергенқызы.⠀

196924536 524420958683248 7433345805506409042 n
197788250 524420948683249 5660133964476390618 n

– «Демеушілер арқылы өзіңіздің жүріп тұруыңызға ыңғайлы электрондық арба болса алып беруге көмектесемін» – деді Азамат Саламатұлы.⠀Онымен қоса, ағамыздың ауласындағы сарайда Арай атты жиені 14 жастағы ұлымен тұратындығы, ұлы үнемі олармен байланысқа түсіп, үйінен шықпайтынын, шығаруға аяп жүргенін айтып берді. Арай бұған дейін жатақханада жолдасымен қайын апасының үйінде тұрғанын, кейін жолдасы қайтып осында келіп паналап жүргенін айтты.

Жобалық кеңсе қызметкерлері мәжбүрлі түрде шығару үшін аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазу керектігі ескертіліп, азаматшамен әңгімелесіп бақылау жүргіздік.⠀Ал Аудан әкімінің орынбасары Сүйеуова Гүлнұр ханымның айтуынша, Арай тұрғын үй кезегінде 29 болып есепте тұрғанын және бұл мәселе де шешімін табатынына уәде берді.

197790604 524421052016572 9051246038507725216 n

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button