АТЫРАУДА

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ С.ӘЗІРБЕК ҚАТАҢ СӨГІС АЛДЫ

Алматы облысындағы блокпостта болған жағдайға байланысты ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаментінің басшылығына қатысты шешім шығарылды.

Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, жеке құрам арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде олқылықтар болған. Тәртіп бұзған қызметкерлерге қатысты дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған. БАҚ-қа ақпаратты бұрмалап ұсыну фактілеріне де баға берілді.

Сондай-ақ бірнеше басшы орнын босатып, департамент басшысының бірінші орынбасары Алмасбековке, баспасөз қызметінің жетекшісі Әзірбекке қатаң сөгіс жарияланды. Ал полиция департаментінің басшысы Таймерденовке кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды.   

  Еске салсақ, 25 мамырда екі полиция қызметкері қаза тапқан Алматы облысындағы блокпосттағы қайғылы оқиғаға байланысты 3 лауазымды қызметкердің жұмыстан кеткен.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button