АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Атырау – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің басшысы Адиева Альфия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Атырау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Адиева Альфия Дәулетқалиқызы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Журналистика саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Адиева Альфия, сондай-ақ, Атырау қаласы жер комиссиясының, Нұр отан партиясының, Атырау қаласы гендерлік комиссиясының, Нұр Отан партиясы жанындағы Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық бақылау комиссиясының, Атырау қаласы мәслихаты жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылады.

Көптеген алғыс хаттары мен дипломдары бар, соның ішінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Сайлау алдындағы компанияның қатысуы үшін» дипломының иегері.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button