АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 600 КЕЛІ БЕКІРЕ ТИЕГЕН КӨЛІК ҰСТАЛДЫ

Атырау облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары – Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру
ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button