АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ІНДЕТІН ТАҒЫ 17 АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ

16.06.2020 жылғы мәлімет бойынша COVID-19 жұқтырған 4  адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  мердігер мекемелердің  қызметкерлері.Олардың үшеуі 1993, 1995, 1982 жылы туған ер адамдар, ал  біреуі 1968 жылы туған әйел адам. Олардан COVID-19  скринигтен өту барысында және денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды.

Ал тағы 9 жағдай Атырау қаласынан тіркелді.Олардың бесеуі 1960, 1985, 1999, 1984, 1959 жылы туған әйел адамдар, төртеуі 1951, 1998, 2002, 1955 жылы туған ер адамдар.Олардың біреуі бұрын инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған, төртеуінен скринингтен өту кезінде,  ал қалғандары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Тағы 2 жағдай Құрманғазы ауданынан тіркелді.Олар 1956 жылы туған әйел адам және 1958 жылы туған ер адам.Сондай-ақ 1972 жылы туған Жылыой  және 1964 жылы туған Индер ауданының тұрғындарынан тіркелді.Олардың бірқатары денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінсе, қалғандарынан скринингтен өту кезінде анықталған.                             

16.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1341 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 994.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button