АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ БАР 32 АДАМ ТІРКЕЛДІ

12.06.2020 жылғы мәлімет бойынша  COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.Олар 1991, 1982 жылы туған ер адамдар.Олардың біреуі  ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген, екіншісі инфекция  жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Ал тағы 20 жағдай Атырау қаласынан тіркелді.Олар скринингтен өту кезінде  және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және  ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.Тағы 4 жағдай Индер ауданының 1972, 1953, 1972, 1955  жылы туған тұрғындарынан және 6 жағдай  Жылыой ауданынан тіркелді.Барлығы скринигтен өту кезінде және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, сондай-ақ ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

12.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1296 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 897.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button