АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКС-БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІНЕН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

Ұлттық сараптама орталығының  Атырау облыстық филиалындағы 14 адам короновирус жұқтырған.  Дәл осы жерде қауіпті індетті анықтайтын сараптама жүргізіледі.

Індетті жұқтырғандардың қатарында филиалдың директоры  және Атырау облысының бас санитар дәрігері қызметін атқарған Темірбек Мұсағалиев та бар болып шықты.

Ол өзінің Facebook парақшасында:  «Құрметті жерлестер! Бүгін індетті жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болуыма байланысты тапсырған ПТР-сараптамасының қорытындысы шықты. Барлық санитарлы талаптарды сақтап, бетперде тағып, қолымды залалсыздандырсам да қорытындысы – оң нәтиже көрсетті. Қызмет бабыма байланысты   25 наурыздан Атырау және Теңіз кенішінде қызмет жасадым. Мен сіздер сияқты қауіпті індеттің маған жоламайтынына сенімді едім. Бұрын індет өндіріс ошағында үдеп тұрса, 11 мамырдан бастап Атырау қаласына кіріп кетті.

Күннің ыссылығын алға тартып, бетперде кимей жүргендер бар. Қарттар үйден шықпай, басқаларымыз санитарлы талаптарды сақтап, өз денсаулығымызды қорғай аламыз!» – depti.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button