АТЫРАУДА АВТОБУС ТОҚТАП, МЕКЕМЕ КӨЛІК БЕРМЕСЕ ТҰРҒЫНДАР НЕ ІСТЕЙДІ?

whatsapp image 2020 07 08 at 08.38.15
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов брифинг өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Облыс әкіміне қойылған сұрақтар легі әлеуметтік маңызды мәселелерге қатысты болды. Сондай сауалдың бірі:  шалғай ықшамаудандарда, қалаға қатысты ауылдарда тұрып, автобуспен қатынайтын атыраулықтар мекеме тиісті көлікті ұсынбаса, жұмысқа қалай жетуі керек?

«Бұл шешімі күрделі мәселе. Алайда, автобусқа адамдар көп шоғырланатын болғандықтан індетті жұқтыру қаупі жоғары болып тұр. Осыған дейін бізде қоғамдық көліктерді  уақытымен жүруге рұқсат берген тәжірибе болды. Нәтижесінде автобустарда адамдар тығыздалып, бетперде, қолғап кимей, сақтық шараларын сақтамаған тұрғындар көптеп кездесті. Сондықтан қоғамдық көліктер мүлде тоқтатылды» – дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Дегенмен мекеме ұсынуы тиіс көлік болмаса не істейтініміз, түсініксіз қалпында қалды.