АТЫРАУДА

АТЫРАУДА БАРЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау стансасына баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

31 наурыздан бастап № 692/691 «Ақтөбе-Атырау» пойызының маршруты Доссор стансасына дейін қысқарады. 1 сәуірден бастап №313/314 «Атырау-Маңғыстау» және №47/48 «Атырау-Бурабай курорты» жолаушылар пойызы, 2 сәуірден бастап №41/42 «Атырау-Шу» пойызының қозғалысы тоқтатылады. Бұған дейін Атырауға дейін және одан шығатын пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толықтай ала алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button