АТЫРАУДА

АТЫРАУДА «БЕКІРЕ – 2020» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2020» балық қорғау акциясын бастады.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасына жазды.

Акция шеңберінде браконьерлік фактілерінің басым айқындалатын жерлерінде стационарлық, жылжымалы бекеттер және қозғалмалы рейдтік топтар құрылған.

«Негізгі күштерді Атырау облысының шегіндегі Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық пен Қиғаш өзендерінің саға алды кеңістігінде жұмылдыру көзделген. Себебі, осы жерлерде жиі браконьерлік фактілері тіркеледі. Бұдан басқа, кедендік бақылау бекеттерінде, әуежайларда, вокзалдарда және ірі тасжолдарда Қазақстан Республикасынан тысқары балық өнімдерін шығаруға бақылау жұмыстары қарқындатылып, заңсыз балық айналымы фактілері анықталып, тоқтатылатын болады», – деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Айта кетейік, «Бекіре-2019» балық қорғау акциясының нәтижесінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдары Атырау облысы аймағында 916 заң бұзушылықты анықтады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button