АТЫРАУДА COVID–19 ДЕРТІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІ ЖОҚ АДАМДАР ЕМДЕГЕН

be0b844e91f0e86f4dd7f35629a01b84
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«WhatsApp» мессенджерінде Атырау қаласында қытай медицинасы туралы бейнеролик таратылған болатын. Бұл бейнероликте дәрігер антисанитарлық жағдайда «COVID–19» – ға инъекция жасайды.
Атырау қаласында да короновирусты инфекцияның симптомдарын емдеу және алдын-алу мәселерімен айналысатын клиника анықталды. Олар КВИ (пневмония) симптомдарын емдеу үшін фенол ерітіндісін қолдану арқылы инвазивті емдеу әдістерін пайдаланған.
Процедураларды медициналық білімі жоқ адамдар жүргізген (ҚХР-нда туған этникалық қазақтар).
Клиника сондай-ақ дәстүрлі емес медицинамен (инемен емдеу, массаж) лицензиясыз айналысқан. Тексеру барысында клиникада жарамдылық мерзімі өткен дәрі- дәрмектер мен Қытайда өндірілген тіркелмеген дәрілік препараттар табылды.
Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған