АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КАФЕДЕН БАСТАЛҒАН ӨРТ ЖЕКЕ ҮЙЛЕРДІ ШАРПЫДЫ

2020 жылдың 10 маусымында сағат 17:01-де Жарбосынов көшесі №83
мекен-жайында орналасқан жалпы ауданы 120 м.кв. болатын «Шашлычок» жазғы кафесінің толықтай жануы болды.

Жану салдарынан ауласында тұрған жалпы ауданы 144 м.кв. болатын үйдің кіре беріс бөлмесінің есігі, терезесінің сыртқы қаптамасы және үйдің қасындағы 1992 жылы шыққан Зил-ММЗ-4502 маркалы автокөлігі өртеніп кетті.

Сонымен қатар Жарбосынов көшесі №81 үйдің кіре беріс бөлмесі есік терезесі және ауданы 40м.кв. болатын гараждың төбе жабындысы жанып кетті.

Жану салдарынан 1953 жылы туған азаматша екі аяғынан және иығынан 15-20 пайыз күйік алып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды және 1997 жылы туған ер азамат екі қолынан күйік алып, дәрігерлік көмек көрсетіліп үйіне жіберілді.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД «ӨСж/еАҚЖҚ» ММ-нен 5 бірлік өрт сөндіру техникасы және жеке құрам саны 25 адам жұмылдырылды Өрт сағат 18:40-та толықтай жойылды.

Өрттің себебі анықталуда.

whatsapp image 2020 07 10 at 15.45.30

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button