АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ

Кешелі бері әлеуметтік желіде Атырау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысы тарап кетті. Алайда, оның ресмилігін дәлелдейтін тиісті мөрі мен қолы жоқ.

Десекте, аталған құжат жасақталып жатыр. Әлі де бірнеше түзетулер жасалып, ресми түрде халыққа ұсынылатын болады.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, халықтың қауіпті індетке сенбеуі мен санитарлық талаптарды сақтамауы карантин режимін қатаңдатуға себеп болуы ықтимал.

Атырау облысында балабақша мекемелері жабылуы мүмкін. Себебі қалалық балабақшаның екі тәрбиешісінен короновирус табылды.

Айта кету керек, COVID-19 жұқтырған 1324 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 986.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button