АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МАС АДАМ ИТТІ ҚОРЛАДЫ

Жуырда әлеуметтік желіде мас адамның итті ұрып жатқан виедосы тарады. Бұл видео көпшіліктің наразылығын тудырған болатын.

Оны түсірген бойжеткен жануарды өлтіргеніне сенімді болған. Алайда, ит мас адамнан қашып, көшедегі дәретхананың шұңқырына түсіп кетіпті.

«Қыз итті құтқарғысы келген. Алайда, мас адамнан қорыққан. Видеоны кешкілік уақытта көрдік. Жұлдыз-3 ықшам ауданына түнде жетуге тура келді. Ветеринарға ауыр жағдайда келді. Иттің  төменгі жақ   және бас сүйегі сынған. Ауруынан айығатыны әзірге белгісіз», – дейді иесіз қалған жануарларды қорғайтын «Мейірімді жүрек» ұйымның жетекшісі Венера Манасова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button