АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МАС КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ 1,5 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Жолдауына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы өзгерістерге сәйкес көліктік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Е. бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, 2020 жылғы  15 наурызда алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде автокөлікті басқарған.

Сот жаза тағайындау кезінде азамат Е.-нің осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын ескерді, осылайша ол түзету жолына түспегенін және тиісті қорытынды жасамағанын көрсеткен.

Сот үкімімен Е.-ге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button