АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МАСАНЫ ЖОЮ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАРДЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ВИРТУАЛДЫ ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Соңғы уақытта қалада масаны жоюға бағытталған жұмыстардың сапасына қатысты шағымдар мен өтініштер көптеп түсуде. Осы орайда қала әкімшілігі виртуалды байланыс орталығын іске қосты.

Дезинсекциялық жұмыстарға қатысты жауап алу үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің telegram чатына қосылу қажет. https://t.me/jkh_atyrau

Бұдан бөлек, атыраулықтар үшін аса маңызды тақырыптар: азық-түлік бағасын тұрақтандыру, ауылшаруашылығын дамытуға қатысты сауалдарыңыз болса https://t.me/kasypkerlyk_atyrau чатына хабарласуға болады.

Ал жолаушылар тасымалы тақырыбындағы сұрақтарды https://t.me/smartatyrau чаты қабылдайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button