АТЫРАУДА МАССАЖ ЖАСАУШЫ ҮЙ ТОНАҒАН

d9bac394 4fcf 4cc8 bb2c 0bc66b017f2e
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Полиция қызметкерлері Құрманғазы ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол аудан тұрғының бірінің үйінде ұрлық жасаған.

«Арыз берушінің хабарлауынша, күдікті массаж қызметін көрсету үшін үйге келген. Ақшадан басқа ол алтын әшекейлерді де алып кетті. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 800 000 теңгені құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», -деді облыстық ПД баспасөз қызметі.