АТЫРАУДА ӨРТТЕН ЕКІ БАЛА ҚҰТҚАРЫЛДЫ

32d76336 0564 4485 ae2e bc0c8ccd5f5d
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырауда бесқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала құтқарылды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтер иесі ас үйде тамақ дайындау кезінде газды қосып, кетіп қалған.

Ал үйде оның алты жастағы қызы мен екі жастағы қызы қалған.

Кенет үйдее түтін шығып жатқанын көршілері байқап, жедел қызметке хабарласқан.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер балаларды құтқарып қалды.