АТЫРАУДА

АТЫРАУДА «САРАЙШЫҚ» БАЗАРЫНАН ӨРТ ШЫҚТЫ (ВИДЕО)

2020 жылдың 16 шілдесінде сағат 14:52-де Нұрсая мөлтек ауданы, К. Маденова көшесі 1 «А», «Сарайшық» коммуналдық базарының ішінде 50 шаршы метр аумақта 3 азық-түлік дүңгіршегінің жануы болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел түрде 6 минут ішінде жетті.

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндірушілерінің дер кезіндегі жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт ауыздықталып, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 15:15-те оқшауланып, 15:51-де толығымен жойылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі анықталуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button