АТЫРАУДА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНА КІРУГЕ ҚАТАҢ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

5609b18e 0487 4284 8a7d b608c92ea1bb
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Бұдан былай билеті бар жолаушылар кіргізіліп, қалаға келген азаматтарды ғана шығарады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, ел ішіндегі «Нұр-Сұлтан-Атырау», «Алматы-Атырау» бағыттарына да шектеу қойылды. Ал, Нұр-Сұлтан бағытындағы Бурабай курорты станциясы мен Шу станциясынан бері қарайғы рейс жұмысы тоқтатылмайды. Шектеу қойылмайтын рейстер қатарында «Атырау-Маңғыстау», «Атырау-Ақтөбе» бағыты да бар.

-Қазіргі таңда теміржол вокзалында әр үш сағат сайын дезинфекция жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, енді поездардың барлығы бірінші бағытта жүреді. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр, – дейді Атырау магистралдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров.

Бұдан бұрын Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына билеттерді тапсыру кезінде теміржол вокзалында халық көп шоғырланған болатын. Бүгінде ол мәселелер шешімін тауып, атыраулықтардың барлығына ақшалары түгел қайтарылды.