АТЫРАУДА

АТЫРАУДА «ТРОТУАРДЫҢ» ҮСТІН АРАМШӨП БАСЫП КЕТТІ(ВИДЕО)

Асфальтталған жаяужолдарды (тротуарларды) арамшөп басу проблемасы туралы нақты айтылды

Өкінішке орай, арамшөптің өсіп-өну мәселесі тек Водников – 2 ықшамауданымен шектелмейді. Жаңаталап – 1 және Атырау-1 ауылдарындағы жаяужолдарға да осындай жағдай тән. Алайда, аталмыш нысандар әлі пайдалануға берілген жоқ, сондықтан жаяужолдар салу жұмыстарын жалғастыру кезінде шөптің өсуіне жол бермеу шараларын алу қажет. Мәселен, Бейбарыс даңғылы бойында жаяужолдарды төсеуде геотекстиль қолданылады.   

https://www.instagram.com/p/CAkx0gbgvyJ/?utm_source=ig_web_copy_link

ЖАЯУЖОЛ САЛУДА ГЕОТЕКСТИЛЬДІ  ҚОЛДАНУДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ ?

Жаяужол төсеу жұмыстары кезінде геотөсем (геополотно) арқаулау, бөлу, сүзгілеу, кәріздеу (армирование, разделение, фильтрация, дренирование) және қорғау функцияларын атқарады.    

Біз, өз тарапымыздан,  алдағы уақытта арамшөптің өсіп кету фактілерін болдырмау шараларын жүргізудеміз. Қазіргі уақытта «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-нің қызметкерлері жаяужолдардың шөп басып кеткен жерлерін жөндеу жұмыстарын жүргізуде – жабынын ашып, өсімдіктерді гербицидпен дәрілеп жатыр.         

Осындай жұмыстарды атқару тәжірибесі бар біздің айтарымыз – өңірде кең тараған арам шөптердің  әсерінен асфальттік жабынның бұзылу тәуекелі бар. Сондықтан, «Атырауинжстрой» ЖШС-нің мамандары, болашақ жобаларда жол құрылымдарын қорғау тәсілдерін қарастыру қажет деп есептейді.       

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button