АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ ІЗДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ӘЛІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

20 мамыр күні түскі уақытта жоғалған бір жарым жасар баланы іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

«Кешеден бері Жұлдыз шағын ауданында жоғалған жас жарымдағы сәбиді іздестіру жалғасуда. Бүгін таңғы сағат 06.30 бастап көмекке келген қала мен жақын маңдағы поселкелердің 400-ге жуық тұрғындары мен еріктілер, 50 ұлттық ұлан әскерлері, 20 техникамен 100-ден астам полиция қызметкерлері, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар Департаментінен 16 қызметкері, 4 техника және 2 қызметтік ит осындағы 50-ден астам көшелерді жан-жақты тексеруге жұмылдырылды.
Сонымен қатар, кешеден 3 дрон қолданылуда.
Бұдан басқа, полиция қызметкерлерімен жедел жан -жақты жұмыстар жалғасуда» – depti ПД баспасөз қызметі.

Қандай да бір мәліметті білгендер болса, 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button