АТЫРАУДА

АТЫРАУҒА 100-ДЕН АСТАМ ЖАС ДӘРІГЕР МАМАН КЕЛЕДІ

 «Бұл туралы Атырау облысына үкіметтік комиссияны бастап келген Премьер министр орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте айтты», деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

 «Ел бойынша салаға мыңнан астам кадр керек. Қазіргі жағдайда бізге сырттан ешкім кадр әкеліп бермейді. Ішкі ресустарды мейілінше тиімді пайдалануымыз керек. Бүгінде Атырау облысының  122  жасы интернатурада оқып жатыр. Оларды дайын маман десек те болады. Қазіргі уақытта жас мамандарды жергілікті жерлерге жіберу бойынша жұмыстар атқарылуда. Оның үстіне, интернатурада оқып жас мамандардың үй-жайының Атырауда болуы қазір біз үшін маңызды. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берілді» деп нақтылады Премьер министр орынбасары Ералы Тоғжанов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button