АТЫРАУДА

АТЫРАУҒА АРНАЙЫ РЕЙСПЕН ЕКІ ОБЛЫСТЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҰШЫП КЕЛДІ

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен бір топ студент Қарағанды қаласынан Атырауға ұшып келді. Халықаралық әуежайдан оларды туған-туыстары күтіп алды.

Атырау облысы мен Маңғыстау облысының 33 студенті 25 – ші наурыз күні бірінші рейспен ұшып келді. 26 наурыз бүгін тағы 25 студент Атырау халықаралық әуежайына ұшып келеді. 

Бұдан бұрын бұл студенттер басқа студенттер секілді Варшавадан Қарағандыға жеткізілген болатын. Барлығы коронавируске қатысты арнайы тест тапсырды. “Варшава-Қарағанды” рейсінің жолаушылары карантинге 2 күн жатып шыққан. Тест нәтижесі олардың денінің саулығын көрсетті.

whatsapp image 2020 03 26 at 09.52.19

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілхановтың айтуынша, Польшадан Қазақстанға барлығы 207 адам оралған.

“Басым көпшілігі шет елде оқып жүрген студенттер. Студенттердің біразы батыс өңірлерінен. Атырау облысынан 27 адам, Батыс Қазақстаннан 19 адам, жетеуі Ақтөбе облысы мен қалған алтауы Маңғыстау облысынан. Жолаушылардың  барлығы коронавируске тест тапсырып, инфекциядан аман екені анықталды.

“Махамбет Жолдасқалиұлының тапсырмасымен Теңізшевройл компаниясымен жиын өткіздік. Аталған компанияның әуе кемесін қолдануға шешім қабылдадық. Компанияның ұшағы Қарағандыдан Атырауға 27 атыраулық, 6 маңғыстаулық студентті жеткізді” – depti  Ержан Әбілханов.

ТШО компаниясының тағы бір рейсі 26 – шы наурыз күні Ақтөбе облысымен Батыс Қазақстан облысының  қалған студенттерін жеткізеді. Борт Орал қаласына қонады.

Өз кезегінде бірінші  курс студентінің анасы Татьяна Мохначева,  польшалық лицейде оқитын ұлының елге оралуына деген қуанышын жасырмады.

“Біз балаларымыздың аман- есен келгеніне өте қуаныштымыз. Олардың жағдайлары жақсы. Көрсеткен көмектері үшін облыс әкімдігі мен ТШО компаниясына алғысымыз шексіз”-depti Татьяна Мохначева.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button