АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ ТҮСКІ АС БЕРДІ

Кәсіпкер Қанат Бопасов төтенше жағдай кезінде тәулік бойы жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті.

Бүгін жеке кәсіпкер қалалық жедел жәрдем станциясының кезекші бригада  қызметкерлеріне түскі ас берді

“Мен өңірімізде болып жатқан осындай қиын кезеңде   денсаулығына қауіп төнетіндігіне қарамастан жанұясын үйінде қалдырып  жұмыс жасайтын  медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді ұйғардым.  Осы тәрізді басқа да акцияларды ұйымдастыру арқылы атыраулық кәсіпкерлерді медицина қызметкерлеріне  қолдау көрсетуге  шақырамын”– depti Қанат Бопасов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда  Атырау қаласында 25 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button