АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 4 ЖАСАР БАЛАНЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАДЫ

Атырау қаласының тұрғыны 4 жасар Санжар болашақта полиция қызметкері болуды армандайды.  Ол дәл өзінің туған күнінде полиция қызметкерлерінің оны құттықтағанын армандаса да, қиялына ерік бермеген. 

Ал оның арманын білген анасы Гүлжан ұлының арманын орындаудың амалын іздейді. Осылайша ол қызы Ақтолқын  ем алатын «Зейін» дамыту орталығының директорына ішкі сырымен бөліседі. Өз кезегінде дамыту орталығының директоры  Атырау облысы ПД басшылығына ерекше өтінішін жеткізеді.

 Полиция департаментінің басшысы полковник Қ.Б.Үмбетқалиев  кішкентай Санжардың арманын өмірде орындау үшін полиция қызметкерлерін оның үйіне жіберіп, тосын сый жасады.

Санжардың анасы Атырау полицейлерінің іс-әрекетінен шексіз  риза болып, алғысын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button