Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бензин неше күнге жетеді?

by Depti
0 views

Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарын сәуірдің соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Биыл қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізуде іркіліс пайда болған еді. Соның салдарынан технологиялық қондырғылар апатты жағдайда тоқтап, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындады.

«Алғашқы жоспар бойынша жөндеуді 4 сәуірде аяқтап, зауытты толық қуатына 10 сәуірде шығару жоспарланған. Алайда ақауларды анықтау барысында қосымша жөндеу шаралары қажет екені анықталды. Сол себепті Атырау мұнай өңдеу зауытын 24 сәуірде іске қосу жоспарланып отыр», – деді Ноғаев үкімет отырысында.

Атырау МӨЗ-дің қондырғыларын жөндеу барысында елде мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытында 25 наурыз бен 10 мамыр аралығына жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімі 1 мамыр мен 10 маусымға ауыстырылды.

Министр қазір республикада бензин тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

«9 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай өнімдері қорының деңгейі жеткілікті деңгейде. Яғни, 25 күнге жететін бензин, 27 күнге жететін дизель отынының қоры бар», – деп сендірді ол.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com