АТЫРАУДА

Атыраулық оқушылар сабақта сырт киіммен отырады

Атыраудағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының оқушылары сабақта қыстық күртешемен отыруға мәжбүр, деп хабарлайды Экспресс К.

Мектеп салқын болғандықтан, балалар сабақта күртеше мен пальто киіп отырады.

Ата-аналары суық мектепте балалар ауырып қалады ма деп қорқады.

  • Мектепте арнайы температура болуы керек қой. Қазір қатты аяз жоқ, ал күн суытса не істейміз? Мектептегілер жылытқыш құрал сатып алыңдар дейді. Директор сыныптар салқын екенін білмейді ме? — дейді ата-аналар.

Олардың айтуынша, мектепке арзан терезе қойдырған. Сол себепті кабинеттер жылу сақтамайды.

  • Балаларымыз осындай жағдайда қалай білім алады? — дейді ата-ана.

Атырау қалалық білім бөлімі бұл мәселеден хабардар екен.

  • Жақын арада мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жағы қаралады. Ал оқушылардың мектеп киіміне келетін болсақ, оқушыларға форма кию міндетті емес, тек классикалық үлгідегі киім кисе болды, — дейді қалалық білім бөлімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button