АТЫРАУДА

БИЫЛ АТЫРАУДА ТАҒЫ 288 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Сонымен бірге, Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінімдер қабылдау жалғасады.​

«Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы транспорты және автожолдар бөлімінің басшысы Рафхат Жолдиев мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.​

«Ағымдағы жылы Атырау қаласында төрт тұрғын үй яғни  288 пәтер пайдалануға беріледі. Құрылыс аяқталуына қарай, тұрғындарға пәтерлер кезек ретімен беріле бастайды. Тұрғын үй кезектерін азаматтар электронды үкімет порталы арқылы бақылай алады» дейді спикер.

Белгілі болғанындай, өткен жылы Атырауда «7-20-25» бағдарламасына қатысуға 708 адам өтінім берген.

» Бұдан бөлек, ​ «Бақытты отбасы» бағдарламасына 200 өтінім келіп түсіп, 70 отбасының өтінімі мақұлданды. Аталған бағдарлама биыл да жалғасып жатыр. «Бақытты отбасы» ​ бағдарламасы бойынша наурыз айында өтінімдер қабылдауды бастаған болатынбыз. Бірақ, елімізде төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты, өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс қайта қалпына келтіріліп жатыр», – дейді Атырау қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы транспорты және автожолдар бөлімінің басшысы Рафхат Жолдиев.​

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда Атырауда 21 мың тұрғын пәтер кезегінде тұр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button