АТЫРАУДА

ЕМБІ МҰНАЙШЫЛАРЫ АТЫРАУ ӨҢІРІ ӘКІМДІГІНЕ 300 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАДЫ

Бүгін, 13 шілдеде, Басқарма төрағасы Е.Қайыржан бастаған «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ) басшылық тобы шектеулі құраммен коронавирус инфекциясынан қаза тапқан отандастарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ембілік мұнайшылар пандемия салдарынан туыстары мен ағайындарынан айырылған қазақстандықтардың қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің қатарында біздің зейнеткерлікке шыққан қызметкерлеріміз, әріптестеріміздің туыстары бар, біз ол

арға компания атынан көңіл айтамыз. Ендігі біздің ортақ міндетіміз – басқа отандастарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында пандемияға қарсы жалпы күреске нақты үлес қосу.

Пандемия басталғаннан бастап бүгінгі күнге дейін Ембі Атырау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, облыс халқына жан-жақты қолдау көрсетті. Бүгінде компания Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды,  реанимацияларды, диализ орталықтары мен провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесін жүргізу үшін медициналық жабдықтарды алу үшін  146 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Осындай мақсатта және жеке сақтандыру құралдарын алуға Жылыой аудандық ауруханасына 35 миллион теңге аударылды. Атырау облысы аудандық әкімдіктеріне жасалған өзге қолдау түрлерін есептемегенде, өңір тұрғындарына көрсетілген көмектің жалпы сомасы 300 миллионға жуық теңгені құрайды.  

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЕМГ Атырау қаласының Берека ықшам ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық техникамен және гигиеналық қажетті заттармен қамтамасыз етуге 100 миллион теңге бөлген болатын. Атырау облысы әкімдігінің сұранысына сәйкес Махамбет ауданы әкімдігіне қайтадан ашылған провизорлық орталықтың қажеттіліктері үшін автобус бөлінді. Өткен сенбі күні Атырау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша облыстық ауруханаға 40 оттегі баллоны тапсырылды. Сонымен қатар, Исатай, Мақат, Жылыой және Қызылқоға аудандарының әкімдіктеріне блок-посттар ұйымдастыруға, дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге және халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсетілді.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button