АТЫРАУДА

«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

Компанияда жасақталып, бекітілген және Атырау облысының бас санитарлық дәрігерімен келісілген талаптарға сай «Ембімұнайгаз» АҚ COVID-19 инфекциясын болдырмау мақсатында вахта жұмысына кіретін барлық  жұмысшыларға ПЦР- тест сынағын ұйымдастырды.

  «Құлсары қаласындағы жұмысшыларға жасалған тесттік сынақтың қорытындысы бойынша 12.05.2020 күні кешкі сағат 21.45-те «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бір қызметкерінде коронавирус инфекциясының белгісі анықталды. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық стансасына хабарланғаннан кейін, сол күні 24.00-де қызметкер мамандырылған  стационарға карантинге жатқызылды.  Контактіде болған барлық адамдар анықталуда.  Жылыой аудандық СЭС –тің келісімімен тесттік сынақтың қорытындысы бойынша «Жылыоймұанйгаз» МГӨБ вахта ауысымы жалғасатын болады» – depti           «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Бүгінгі таңда, «Ембімұнайгаз» АҚ –ның 1 120 қызметкері ПЦР – тест сынағынан  өтті. Өндірістік  құрылымдық бөлімшелердің жұмысшыларын кең қамту үшін жылжымалы зертхана Аққыстау ауылы, Мақат, Доссор кенттерінде және Жамансор стансасында ұйымдастырылуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button