Бұл туралы онлайн брифингте Индер ауданының әкімі Салауат Өтеғұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Агроаймақта негізінен мал сою пункті, бордақылау алаңы және жылыжай кешендері жүзеге асырылып, ауыл тұрғындары жыл бойы сапалы әрі арзан ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтына алады.
– Ауданымыздағы Көктоғай ауылы жанынан пилоттық жобада өңірлік индустриалдық аймақ құрылып, шаруалар үшін 20 гектар жер телімі ұсынылуда. Күні бүгінде 10-ға жуық ауыл кәсіпкерлері жобаны жүзеге асыруға ниеттеніп отыр. Бұл жоба іске асырылған жағдайда жергілікті 50 адам жұмыспен қамтылатын болады, -деді Салауат Өтеғұлов.